«Құқық кабинеті»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі» Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.

Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.

Олардың көмегімен тұрғындар өз бетінше құқықтық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады. «Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ҚБЖ; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; eGov электрондық үкімет порталы; «Zankomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АЖ ОИП); e-Otinish жүйесі және басқалары. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жылдам табуға, өтініштер мен сұраныстарды электрондық форматта жолдауға, олардың мәртебесін бақылауға, сондай-ақ консультациялық және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.

Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округ мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды.

         Қазіргі уақытта азаматтардың келу және жүгіну белсенділігіне мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. «Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заң көмегін алуға қолайлы жағдай жасау.

Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті әрі әрбір тұрғынға жақын болуына бағытталған тағы бір қадам.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tayiynsha-zelenyi-gai/press/news/details/1197102?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді