Құқық кабинеттері, өзіне-өзі қызмет көрсету бурыштары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Ақмола облысы, Сандықтау ауданның, Веселов ауылдық округінің тұрғындары! Ақмола облысының Сандықтау ауданның, Веселов с/о азаматтардың құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» қызмет атқарады. «Құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет» ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov»,«e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген. «Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған. Құрметті азаматтар Сандықтау ауданның, Веселов с/о құқықтық сұрақтар туындаған кезде Сіз Байдалы а. Ыбырай Алтынсарин көшесі 15, мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-18.30 дейін көрсетілген құқықтық кабинетті қолдана аласыз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand-veselovskoe/press/news/details/1197430?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді