
2026 жылғы 8 сәуірде құқықтық жалпы оқыту аясында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі Д.С. Шоқановамен Қаржы басқармасы қызметкерлерінің кездесуі өтті.
Кездесу 250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларацияны толтыру ережелерін түсіндіруге арналды.
Кездесуге Қаржы басқармасының қызметкерлері қатысты. Іс-шара ашық диалог форматында өтті, оның барысында мамандар жалпыға бірдей декларация бойынша сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karzhy/press/news/details/1197688?lang=kk

Жауап қалдыру