
2026 жылдың 8 сәуірде «Рапид» ЖШС фирмасында қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және еңбекті қорғау деңгейін арттыруға бағытталған еңбек ұжымдарымен кездесу өтті.
Іс-шараға Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары Әлжан Мәди Ислямұлы, сондай-ақ Қарағанды қаласы Ә. Бөкейхан атындағы аудандық прокуратурасының өкілдері қатысты.
Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және өңір кәсіпорындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасау Департамент қызметінің басымдықтарының бірі болып табылады.
Кездесудің негізгі мақсаты жұмыскерлер мен жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттерін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларын, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау саласындағы талаптарды түсіндіру болды.
Жұмыс орындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік органдардың өкілдері жұмыс беруші тарапынан да, әрбір қызметкер тарапынан да еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға және мамандардан құзырлы түсініктемелер алуға мүмкіндік алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1196968?lang=kk

Жауап қалдыру