Салауатты ұрпақ – ел болашағы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Асмет Ұлас» жоғары педагогикалық колледжінде студенттермен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға колледж білім алушыларымен қатар Маңғыстау облыстық бокстан олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер мектебінің басшысы Б.Ж. Нұрдәулетов және Маңғыстау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры П.Т. Кебесінова қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар спорттың тұлға қалыптастырудағы маңызы, салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігі, сондай-ақ есірткі қылмысының алдын алу мәселелерін талқылады.

Мұндай тағылымды кездесулер жастардың саналы өмірлік ұстаным қалыптастыруына ықпал етіп, олардың жарқын болашағына бағыт-бағдар береді.

https://www.instagram.com/reel/DW3z2gFjAjT/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1197421?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді