Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!

 

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысының міндетін атқарушы Ә.Бектұрғановтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекіткен кестесіне сәйкес, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз.

 

Ішкі талдау жұмыстары 20 сәуір – 4 маусым аралығында жүргізіледі.

 

Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.

 

Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.

 

Байланыс: 8-777-796-25-23

 

Эл.почта: yurotdel.transport@mail.ru

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhol-kolik/press/news/details/1197593?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді