
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына жұмыс сапары барысында Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш-Құс» ЖШС-нің жұмыртқа өндіретін зауытының жұмысымен танысты. Өңір басшысы кәсіпорынның өндірістік әлеуетін көріп, сала мамандарымен пікір алмасты. Мемлекеттік қолдаулар туралы айтты.
Аталған жоба құны 237 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда мұнда 20-дан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талман өндіріс барысы мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндап, өнім сапасын арттыру және өндіріс көлемін ұлғайту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Қазіргі таңда өндірілген өнімдер ішкі нарыққа бағытталған. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының нарығына шыққан, сұраныс жоғары.
Облыс басшысы ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мұндай фабрикалардың маңызы зор екенін атап өтіп, өндіріс көлемін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және заманауи технологияларды енгізу қажеттігін жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1197717?lang=kk

Жауап қалдыру