ТҮРКІСТАНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАЙДАРМАН» ОЙЫНДАРЫНА 28 КОМАНДА ҚАТЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
▪️Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен және Қазақстан КВН Одағының ұйымдастыруымен «Жайдарман Ұлттық лига» ойындарының 1/8 финалдық кезеңі жоғары деңгейде өтті. Аталған додаға еліміздің әр өңірінен іріктеліп келген 28 үздік команда қатысып, көрермендерге тартысты әрі мазмұнды ойын көрсетті.
▪️Жастар арасында шығармашылық қабілетті дамыту, ұлттық құндылықтарды насихаттау және әзіл-сықақ жанрын жаңа деңгейге көтеру мақсатында өткен шара барысында командалар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қазылар алқасының шешімімен үздіктер анықталды. Әділ қазылар құрамында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, елімізге танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева, айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің иегері Мұхтар Ниязов, «Жайдарман» жобасының жетекшісі Есентүгел Елеукен, танымал жайдарманшы, актер Медет Жаңабаев болды.
▪️Сахна төрінде өнер көрсеткен командалар тапқырлық, актерлік шеберлік және заманауи әзіл арқылы көрермен ықыласына бөленіп, өз аймақтарының намысын қорғады.
▪️Түркістан қаласында өткен бұл кезең Жайдарман қозғалысының ауқымын кеңейтіп, жас таланттардың танылуына зор мүмкіндік берді. Сонымен қатар шара көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық әзіл өнерінің дамуына серпін берді.
▪️Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы кезеңдерде сайыс одан әрі жалғасып, үздік командалар финалдық кезеңде Түркістан төрінде бақ сынайтын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1197178?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді