Туризм және спорт министрлігі бірқатар бұқаралық ақпарат құралында жарияланған, америкалық блогерді ведомство арнайы шақырды деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады.
Министрлік шетелдік блогерлерді, туристік қауымдастықтар мен компанияларды топтық ақпараттық турлар аясында шақыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Ведомство қызметінде жекелеген жеке тұлғаларды шақыру қарастырылмаған. Ресми түрде жеке өтініштер түскен жағдайда министрлік жан-жақты қолдау көрсетеді. Алайда аталған блогерден министрлікке ешқандай өтініш келіп түспеген.
Сонымен қатар Kazakh Tourism ұлттық компаниясы атынан блогермен жеке хат алмасу болғанын хабарлайды. Компания мәліметі бойынша, екіжақты келіссөздер нақты келісімге жетпей аяқталған.
Kazakh Tourism ұлттық компаниясы өз тарапынан еліміздің туристік әлеуетімен танысу үшін ақпараттық қолдау көрсетуге және қажетті мәліметтер ұсынуға дайын.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1197204?lang=kk

Жауап қалдыру