
Рейд барысында қала тұрғындарына тазалық сақтау талаптары түсіндіріліп, абаттандыру қағидаларын бұзған азаматтарға ескертпелер берілуде. Сонымен қатар, тұрғындарға қоршаған ортаны таза ұстау, қоқысты белгіленген орындарға тастау және санитарлық талаптарды сақтау қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, тұрғындар да белсенділік танытып, өз аумақтарын тазалап, қоқыстарды шығару жұмыстарына атсалысуда. Аталған шаралар қаланың тазалығын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-ushtobe/press/news/details/1196964?lang=kk

Жауап қалдыру