Мемлекеттік еңбек инспекциясы жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру мақсатында жұмыскерлер мен кәсіпкерлік субъектілеріне еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан жұмыскерлерді міндетті сақтандыру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау қажеттілігі туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі сәйкес жұмыс беруші жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.
Жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОСМ) өндірістік жарақат немесе кәсіптік ауру салдарынан жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге бағытталған әлеуметтік қорғаудың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады.
Осыған байланысты Мемлекеттік еңбек инспекциясы кәсіпкерлік субъектілеріне тиісті лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарымен жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын уақтылы жасасуды ұсынады.
ЖОСМ шартын жасасу:
сақтандыру жағдайы туындаған кезде жұмыскерлердің қаржылық қорғалуын қамтамасыз етеді;
өтемақы төлемдеріне байланысты жұмыс берушінің қаржылық тәуекелдерін азайтады;
кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігін растайды;
жұмыскерлер мен мемлекеттік органдар тарапынан сенім деңгейін арттырады.
Қосымша түсіндіреміз, қолданыстағы ЖОСМ шарты болған жағдайда зардап шеккен жұмыскерге немесе оның асырауындағы адамдарға сақтандыру төлемдері сақтандыру ұйымы арқылы жүзеге асырылады, бұл жұмыс берушінің қаржылық жүктемесін азайтады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 230-бабына сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Осы ақпарат құқықтық мәдениетті арттыруға, еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға, қауіпсіз өндірістік ортаны дамытуға және еңбекті қорғауды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1196797?lang=kk

Жауап қалдыру