2026 жылдан бастап шаруа (фермер) қожалықтары бойынша салықтар мен әлеуметтік төлемдерді көрсету тәртібі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдан бастап шаруа (фермер) қожалықтары бойынша салықтар мен әлеуметтік төлемдерді көрсету тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты шаруа немесе фермер қожалықтары (КФХ) үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің салықтар мен әлеуметтік төлемдерді көрсету тәртібін түсіндіреді.
Салық кодексінің жаңа редакциясында КФХ үшін декларацияда төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, сондай-ақ жұмыскерлерге қатысты әлеуметтік төлемдердің және (немесе) бірыңғай төлемнің сомаларын көрсетуге қатысты нормалар алынып тасталды.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 730 және 731-баптарына сәйкес (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін редакцияда), КФХ үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жекелеген салықтарды есептеу мен төлеуді жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асырады, бұл ретте салық агентінің міндеттемелері жалпы белгіленген тәртіппен орындалады.
Осыған байланысты мынаны хабарлаймыз:
төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының сомалары, жұмыскерлер үшін әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ бірыңғай төлем 200.00 салық есептілігі нысанында («Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация») көрсетіледі;
шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен мүшелері үшін әлеуметтік төлемдер 920.00 салық есептілігі нысанында («КФХ үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация») көрсетіледі.
Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыскерлерге төленетін табыстар бойынша салық міндеттемелері 200.00 нысаны шеңберінде орындалады, ал қожалық басшысы мен мүшелеріне қатысты әлеуметтік төлемдер 920.00 нысанында көрсетіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1197799?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді