
9 сәуірде, Шахтинск қаласының әкімі М.Е. Қыдырғанбеков Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы бойынша республикалық референдумды дайындау және өткізуге белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттарды табыстады.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаттарына референдумды ұйымдастыру мен өткізуге елеулі үлес қосқан қатысушылар ие болды. Олардың қатарында қалалық мәслихат төрағасы Ж.С. Мамерханова, мәслихат депутаттары Н.А. Наумова, А. Тилеубек, М.Ж. Тоханов, Қоғамдық кеңес мүшелері Р.Т. Манапов пен О.Н. Омельницкий, баспасөз хатшысы Ю.Н. Сон бар.
Сонымен қатар, бірқатар қатысушыларға қала әкімі М.Е. Қыдырғанбековтың Алғыс хаттары табысталды, ал қалалық мәслихат төрағасы Ж.С. Мамерханова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Ж. Қошановтың атынан алғыс хаттарды тапсырды.
Іс-шара барысында марапатталғандардың референдумды ашық әрі тиімді өткізуге қосқан маңызды рөлі, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-shahtinsk/press/news/details/1197987?lang=kk







Жауап қалдыру