
Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының м.а. Ануарбек Қонжар төрағалық етуімен адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді.
Отырыстың күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2027–2029 жылдарға арналған адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары жобасына ұсыныстар жинақтау және талқылау мәселелері қаралды.
Жиында құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ Ақтөбе облысының Еңбек инспекциясы департаменті басшысының м.а. Т.Искарин қатысты.
Комиссия отырысында көтерілген мәселелер бойынша мүдделі тараптардың өзара іс-қимылын күшейту және жұмысты одан әрі жандандыру қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1197809?lang=kk

Жауап қалдыру