Әр секунд Маңызды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе қаласында теміржол көлігі нысандарының терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыру және қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарын жетілдіру мақсатында кешенді оқу-жаттығулар ұйымдастырылды.
Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі» ММ-де көлік прокуратурасы, полиция қызметкерлері, әскерилендірілген теміржол күзеті және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдерінің қатысуымен теориялық сабақтар өткізілді.
Сабақ барысында келесі сұрақтар қарастырылды:
⦁ террористік қауіп-қатер анықталған кездегі әрекет ету тәртібі;
⦁ күмәнді заттарға әрекет ету Алгоритмі;
⦁ шұғыл қызметтердің өзара іс-қимылы.
Практикалық кезең 27 наурыз күні теміржол вокзалы аумағында өтті. Оқу сценарийіне сәйкес жолаушылар аймағында қолдан жасалған жарылғыш құрылғының муляжы орналастырылды. Персонал күдікті затты дер кезінде анықтап, құқық қорғау органдарына жедел хабар берді.
Полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, сапёрлік бөлімше шартты залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

 

ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ТҚО бөлімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1198800?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді