AMANAT партиясының елордалық филиалының өкілдерімен бірлесіп, №27 мектепте салынып жатқан қосымша ғимараттың құрылысымен танысты (07.04.2026)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Нәтижесінде аяқталмаған жұмыстар мен анықталған кемшіліктердің нақты тізімі жасалды.

Спортзалдың шатыры ағып тұр — шұғыл түрде герметизациялау қажет.

Инженерлік желілердің жағдайы алаңдатады: су, кәріз, жылу, желдету, электр және байланыс жүйелері толық аяқталмаған.

Аумақты абаттандыру жұмыстары да жүргізілмеген.

Мердігер ұйым тарапынан атқарушылық тәртіптің жоқтығы байқалады — бекітілген жұмыс кестесі жоқ.

Құрылыс басқармасының мәліметінше, мердігерді ауыстыру туралы шешім қабылданған. Барлық жұмыстар толық көлемде аяқталатынына сендірілді.

Жағдай бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1197831?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді