
2026 жылдың 10 сәуірінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Іле ауданында Халыққа арналған цифрлық кеңседе «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.
Аталған іс-шараға департаменттің №1 зейнетақы бөлімінің бас маманы А. Жанбатыр «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы филиалының Іле ауданы бөлімшесінің өкілдерімен бірлесе отырып, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында аудан халқы тарапынан қойылған барлық сұрақтарға спикерлер жан-жақты жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1198156?lang=kk

Жауап қалдыру