
Аудан әкімі М.Мұхтаров төрағалығымен аудандағы ұлттық спортты, соның ішінде көкпар спортын жаңа деңгейге көтеру мәселесін талқылады. Жиынға елжанды азаматтар мен кәсіпкерлер, спорт жанашырлары қатысты.
Шет ауданының көкпар командасы — соңғы 5 жылда облыстық жарыстарда топ жарып, «Ақбидай» республикалық спартакиадасында аудан намысын абыроймен қорғап келеді.
Қазіргі таңда ауданымызда 100-ден астам спортшы мен 60 жасөспірім осы спортқа машықтануда. Жиын барысында командаға қажетті сәйгүліктерді сатып алу және материалдық-техникалық базаны нығайту үшін кәсіпкерлердің қолдауы қажеттігі айтылды.
Жиын соңында аудан әкімі аудан кәсіпкерлеріне әлеуметтік жауапкершілік аясында ұлттық спортқа қолдау көрсету мәселесі сөз болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1198085?lang=kk

Жауап қалдыру