
Баспасөз брифингі болып өтті
9 сәуір 2026 жыл
Сағат 12:00
«Алатау Медиа» орталығы, 1-қабат
Спикерлер:
— Қадірбердиев Айдос Құралбайұлы – Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының басшысы
— Сәуле Шырынбекова – Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен 2026 жылдың І тоқсанында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды.
Нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 248,5 млрд теңге түсіп, жоспар 99,7%-ға орындалды. Өсу қарқыны 119% құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40 млрд теңгеге артық түсім қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижесінде 2 млрд теңгеден астам қосымша кіріс көздері анықталды.
Көлеңкелі экономикамен күрес аясында заңсыз әрекеттердің бірқатар фактілері анықталды.
Мемлекеттік қызметтердің 99%-ы электронды түрде көрсетіліп, қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Кеден бекеттерін жаңғырту нәтижесінде өткізу қабілеттілігі артты.
Жалпы, мемлекеттік кірістер органдарының негізгі мақсаты – бюджетті толықтырумен қатар, заңбұзушылықтардың алдын алу және қызмет сапасын арттыру.
Аталған бағыттар бойынша
Қадірбердиев Айдос Құралбайұлы баяндама жасады.
Сонымен қатар, Сәуле Шырынбекова наурыз айынан бастап аптасына екі рет, яғни сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізілетін «Халық бухгалтері» республикалық акциясы туралы хабарлап, аталған акция аясында азаматтарға көрсетілетін консультациялық көмектер жөнінде түсіндірме берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/press/news/details/1197849?lang=kk

Жауап қалдыру