
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қызығушылықтар клубы өз жұмысын бастағанын 💫
қуана хабарлаймыз. Бүгін алғашқы кездесуіміз өтіп үлгерді — ол тоқу өнеріне арналды.
Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, сүйікті әдістерін еске алып, жылы әрі жайлы атмосферада уақыт өткізді.
Бұл — тек бастамасы!
Алда бізді әлі талай қызықты кездесулер, жаңа тақырыптар мен танымдық әрі шығармашылық сабақтар күтуде. Клубта тек тоқу ғана емес, басқа да қызықты бағыттар қамтылады.
Баршаңызды қызығушылықтар клубына қосылуға шақырамыз — мұнда әркім өзіне ұнайтын іс тауып, жақсы орта таба алады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1198223?lang=kk

Жауап қалдыру