Денсаулық сақтау саласындағы сатып алуларды орталықтандыру мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бүгін облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен денсаулық сақтау басқармасы мен оған бағынысты мекемелердің басшылары мен мемлекеттік сатып алуларына жауапты мамандарының қатысуында «Денсаулық сақтау саласындағы сатып алуларды орталықтандырудың бірқатар мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Шараға облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері және денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары мен сатып алуға жауапты мамандары қатысты.

Семинар-кеңестің күн тәртібіне сәйкес дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алу және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібі талқыланып, семинарға қатысып отырған денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен сатып алуға жауапты мамандарына денсаулық сақтау саласындағы тендер тәсілімен өткізілетін сатып алулардың барлығы орталықтандырылған түрде облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы ұйымдастыруы қажеттілігі түсіндірілді.

Шара соңы қатысушылардың сұрақ-жауап алмасуымен жалғасын тауып, туындаған мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізіліп, сатып алу рәсімдерін тиімді ұйымдастыруға бағытталған ұсыныстар айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-satyp-alu/press/news/details/1198738?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді