
Еңбек заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында Мемлекеттік еңбек инспекциясы ағымдағы жылдың басынан бастап тәуекел аймағына жатқызылған субъектілерге қатысты профилактикалық бақылау жүргізуді жалғастыруда.
Аталған жұмыс шеңберінде бақылау объектілерінің бірі ретінде «Павлодар жоғары мұнай-газ колледжі» мекемесі қамтылды. Профилактикалық бақылау барысында жұмыс беруші тарапынан еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕСТД) еңбек шарттарын жасасу туралы мәліметтерді уақтылы енгізбеу фактілері орын алатыны анықталды.
Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша жұмыс берушінің атына анықталған бұзушылықтарды жою туралы, орындау мерзімдері белгіленген нұсқама енгізілді.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарын, соның ішінде ЕСТД-ға мәліметтерді уақтылы енгізу бөлігінде қатаң сақтауды еске салады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1198071?lang=kk

Жауап қалдыру