Ербол Тұяқбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. 

2013–2018 жылдары — ҚР БҒМ Ғылым комитетінде сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма басшысы.

2019–2020 жылдары — «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ БАҚ, «Astana» ӘКК» акционерлік қоғамында қызмет етті.

2020–2023 жылдары — Астана қаласы әкімі аппаратының Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, басшысы, Инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы, сондай-ақ Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2023 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1198596?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді