«Халық заңгері»: Астана тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Есіл ауданы прокуратурасының бастамасымен құқықтық сауаттылықты арттыруға және азаматтардың білікті заң көмегіне қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында өтті.

Акцияның басты мақсаты – елорда тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес беру, өзекті құқықтық мәселелерді жедел шешуге көмектесу, сондай-ақ заңнаманы одан әрі талдау мен жетілдіруді талап ететін жүйелі проблемаларды анықтау.

Алаң жұмысына 20-ға жуық мемлекеттік орган, қоғамдық бірлестіктер мен бейінді ұйымдар қатысты.

Мамандар азаматтарға тұрғын үй құқығы, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек қатынастары, отбасы заңнамасы және басқа да бағыттар бойынша кеңес берді. Акция аясында 100-ден астам адам заңгерлік қолдау алды.

Акция елорданың барлық ауданында өз қызметін жалғастырып, елорданың әрбір тұрғыны үшін білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

#законипорядок #заңментәртіп

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1198830?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді