«Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласының Полиция департаменті» РММ-де жүргізілген «Қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы қоғамдық тәртіпті сақтау саласында бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері бойынша мемлекеттік аудиттің қорытындыларын шығарды.

«Сергек» АБК-тің жыл сайынғы санының артуы және тиісінше тіркелетін құқық бұзушылықтар санының көбеюі жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) санын азайтуға, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды өндіру есебінен бюджетке түсетін түсімдерге (өндіріп алу деңгейінің төмендеуі) тиісті әсерін тигізбей отыр.

ЖКО саны мен зардап шеккендер санының өсуі байқалады, бұл ретте Алматы қаласы соңғы 5 жыл бойы ЖКО саны бойынша бірінші орында тұрақталып отыр. Жол қауіпсіздігі мәселесі мопедтер мен электр самокаттары сияқты баламалы көлік түрлерін пайдаланудың кеңеюімен күрделене түсуде.

Жол жүрісі қағидалары саласында әкімшілік өндіріп алуларды орындау жүйесі елеулі бұзушылықтармен және кемшіліктермен жүзеге асырылады. Процестердің жеткіліксіз автоматтандырылуы, инфрақұрылымның сәйкессіздігі және кадр тапшылығы әкімшілік істер бойынша өндірістердің тоқтатылуына, өндіріп алу деңгейінің төмендеуіне және жергілікті бюджет қаражатының жоғалуына алып келуде.

Заңды тұлғалардың әкімшілік айыппұлдарын үшінші тарап сервистері (Google, 2GIS) арқылы қолмен өңдеу цифрландыру қағидаттарына сәйкес келмейтінін көрсетеді, сондай-ақ заңды тұлғалармен тікелей байланысуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатады.

«102» операторларын және Процессингтік орталықты қамтамасыз ету үшін жыл сайын үшінші тарап жеткізушілерінің қызметтерін пайдалану бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкелуде.

Сонымен қатар, мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша жалпы сомасы 206,7 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде бюджет кірісіне өтеуге жататыны – 125,4 млн теңге, жұмыстармен/тауарлармен қалпына келтіруге – 35,6 млн теңге, бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге – 45,7 млн теңге.

Бұдан бөлек, 424,4 млн теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 1 514,3 млн теңге сомасына қаражатты тиімсіз пайдалану,  бюджет қаражатының экономикалық шығындары – 6 039,4 млн. теңге,
55 рәсімдік бұзушылық және 3 жүйелік кемшілік анықталды.

Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша Алматы қаласы Полиция департаментіне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді, сондай-ақ оларға себеп болған жағдайлар мен факторларды жою, қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау жөнінде тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп салаларындағы заңнама бұзушылықтары фактілері бойынша мемлекеттік аудит материалдары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға процессуалдық шешімдер қабылдау үшін жолданды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-revcomkz/press/news/details/1198361?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді