КЕЛЕС АУДАНЫНДА ИНВЕСТИЦИЯ 72 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканың өсу қарқынын арттыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі стратегиялық тапсырмасына сәйкес, биыл Келес ауданында инвестиция тарту бағытында айрықша көрсеткіштер тіркеліп отыр.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ауданның негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі жоспарланған 41,0 млрд теңгенің орнына нақты 71,9 млрд теңгеге жетіп, жылдық меже 57,2 пайызға артығымен орындалды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30,9 млрд теңгеге жоғары болып отыр, ал 2026 жылы бұл қарқынды сақтай отырып, инвестиция көлемін 51 млрд теңгеге жеткізу көзделуде.
Жеке кәсіпкерлікті қолдау нәтижесінде 2025 жылы құны 570 млн теңгені құрайтын 4 жоба сәтті іске қосылып, 155 жаңа жұмыс орны ашылса, 2026 жылы бұл жұмыстардың ауқымы еселеп артып, жалпы құны 114,8 млрд теңгені құрайтын 16 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Аталған жобалар толық қуатында іске қосылған жағдайда 3 186 аудан тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
Инвестициялық жобалардың қатарында өңір экономикасына серпін беретін «ECOCULTURE-EURASIA» заманауи жылыжай кешені, «Дамона» күн электр станциясы, минералды сусындар шығаратын зауыт, логистикалық орталық сияқты маңызды нысандар бар.
Сонымен қатар асфальт пен темір-бетон өнімдерін шығаратын зауыттар, мал бордақылау алаңдары мен сауда нысандарының құрылысы ауданның инфрақұрылымын дамытып, халықтың тұрмыс сапасын жаңа деңгейге көтеруге және өңірдің инвестициялық тартымдылығын нығайтуға тікелей ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1198638?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді