
Парламент Мәжілісінде ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» және «QazaqGaz» ұлттық компаниялары мен бизнес өкілдерінің қатысуымен тақырыптық отырыс өтті.
Жиын мұнай-газ саласындағы ұлттық жобаларда жергілікті қамтуды дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелеріне арналды.
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров өз баяндамасында Министрлік тарапынан елішілік құндылықты дамыту және жергілікті қамту үлесін арттыру, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдау мақсатында тиімді жүйе қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар вице-министр «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «QazaqGaz» ҰК» АҚ сатып алуларына қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді кеңінен тарту шараларына тоқталды. Атап айтқанда, елішілік құндылықты дамыту бағдарламасын әзірлеу, жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша мақсатты индикаторларды белгілеу, сондай-ақ сатып алу рәсімдерін жетілдіруге бағытталған тетіктерді енгізу көзделген. Бұдан бөлек, қазақстандық жеткізушілермен ұзақмерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасау арқылы отандық өндірісті қолдау мен ынталандыру жұмыстары жалғасатыны айтылды.
Қорытындылай келе, Министрлік пен ұлттық компаниялар ағымдағы жылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша жергілікті қамтуды дамыту мәселелерін одан әрі пысықтау жөніндегі жоспарларымен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1198236?lang=kk

Жауап қалдыру