«Мақаншы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 30-213/VIII «Мақаншы ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мақаншы аудандық мәслихаты ШЕШТІ :

  1. Мақаншы аудандық мәслихатының «Мақаншы ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 30- 213/VIII шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармак жаңа редакцияда жазылсын:

  1. Мақаншы ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті  тиісінше 1, 2, 3 және 4 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 8 835 143,0  мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 715 826,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 5 734,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 82 436,0 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 8 031 147,0 мың теңге;

2) шығындар – 7 215 987,5  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 47 124,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер –62 713,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 15 589,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет  тапшылығы  (профициті) – 1 572 031,5 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) –
1 572 031,5 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
– 1 572 031,5 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 62 713,0 мың теңге;

 

қарыздарды өтеу – 1 647 589,0 мың теңге;

бюджет каражатының пайдаланылатын қалдықтары – 12 844,5 мың теңге.

көрсетілген шешімнін 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Мақаншы ауданы мәслихатының

төрағасы                                                                                                 Б.Бибол

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-makanshy/press/news/details/1197968?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді