Менің кәсібім – мемлекеттік қызметші

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Моя профессия – государственный служащий

 

2026 жылғы 10 сәуірде Мемлекеттік қызмет құндылықтарын ілгерілету және ерте кәсіптік бағдар беру іс-шаралары жоспарын, сондай-ақ «Менің кәсібім – мемлекеттік қызметші» жобасын іске асыру аясында Жітіқара қаласы мектептерінің мектеп бітіруші сыныптарының оқушылары үшін «Ашық есік күні» өтті.

Жітіқара ауданының білім бөлімінің Мұса Шожанов атындағы № 2, Естай Есжанов атындағы № 9 және № 10 жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ, «Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, сондай-ақ «Жітіқара ауданының ахуалдық орталығы» КММ мемлекеттік мекемелеріне барды.

Мемлекеттік мекемелердің мамандары оқушыларды мемлекеттік органдар қызметінің бағыттарымен, олардың жүргізетін жұмыстарымен таныстырды.

Осы кездесудің мақсаттарының бірі – мемлекеттік қызмет институтын дәріптеу, жастар арасында мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру, мемлекеттік органдардың миссиясы туралы нақты түсінік қалыптастыру және патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді, қоғамдағы азаматтық жауапкершілікті дамыту.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1198534?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді