
Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары 2026 жылғы 20 наурызда ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлеріне «Менингококк инфекциясының алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді. Аталған іс-шара қызметкерлердің денсаулығын сақтау және олардың арасында аурулардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында мамандар елдегі менингококк инфекциясы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндап, инфекцияның таралу жолдары, белгілері және алдын алу шаралары жөнінде толық ақпарат ұсынды. Семинар қатысушыларына менингококк инфекциясының алдын алу бойынша жадынамалар таратылды, бұл инфекциядан қорғану шараларын күшейтуге және оның таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1197949?lang=kk

Жауап қалдыру