«Мылқау ауыл» демалыс аймағы қоқыстан тазартылды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Мылқау ауыл» демалыс аймағы қоқыстан тазартылды!
☘️ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Әлімбет ауылдық округі аумағындағы «Мылқау ауыл» демалыс аймағында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен және облыстық жастар саясаты басқармасының қатысуымен кең ауқымды сенбілік өткізілді.
Іс-шараға аудан әкімі, облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы, аудан жастары белсенді қатысып, демалыс аймағын қоқыстан тазарту, аумақты абаттандыру және табиғи ортаны сақтау бағытында бірлескен жұмыстар атқарды.
Сенбілікте аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев сөз сөйлеп, “Таза Қазақстан” акциясының орындалуына атсалысқан жастарға, ризашылығын білдіріп, әрқашан жастар бастамасына қолдау білдіретінін айтты. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев пен қызметкерлері де қатысып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Шара қорытындысында демалыс аумағы толық тазартылып, тұрғындар үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға үлес қосылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1198061?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді