Астана қаласы Байқоңыр ауданының прокуратурасы алаяқтық туралы қылмыстық ісі бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады.
Сотталған әйел декреттік демалыста бола отырып, бір жыл бойы өзінің әріптестерін жүйелі түрде жаңылыстырып, отбасында қайғылы оқиғалар орын алды деген жалғанмен, оның ішінде анасының қайтыс болуы және баласының ауыр хәлде екендігі жөнінде көрінеу жалған мәліметтер хабарлап, сол арқылы олардың жанашырлық сезімін тудырған.
Оның сөздеріне сенген және көмек көрсеткісі келген әріптестері, отбасылық мәселелерді шешуге және баланы емдеуге қажет деп ойлап, сотталған әйелге ақша қаражатын аударып отырған.
Қылмыстық әрекеттердің салдарынан жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілген.
Жеңілдететін мән-жайларды, атап айтқанда кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін, келтірілген залалды ішінара өтеуін ескере отырып, сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Қала прокуратурасы материалдық көмек сұрау немесе қаражат жинау жағдайларында сақ болуға және ақпараттың дұрыстығын тексеруге кеңес береді.
Астана қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1198036?lang=kk

Жауап қалдыру