
2026 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының ұжымымен «Медицина қызметкерлерінің құқықтары туралы» тақырыбында кездесу өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға құқық қорғау институтының негізгі қызмет бағыттары түсіндірілді. Атап айтқанда, азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі, бұзылған құқықтарды қорғау тетіктері және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері қамтылды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау саласындағы заңнамадағы жаңашылдықтарға ерекше назар аударылды. Медицина қызметкерлерінің құқықтық кепілдіктерін күшейту, қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ олардың қызметіне кедергі келтіргені үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Оның барысында медицина қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, құқықтарын қорғау бойынша практикалық ұсынымдар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/1198728?lang=kk

Жауап қалдыру