Қазақстан бокстан Азия чемпионатында жалпы есепте 1-орын алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда ересектер арасында бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Санаулы сəттер бұрын Қазақстан командасы қоржынына 6-шы алтын медаль түсті.

Ерлер мен әйелдер арасындағы нәтижені қосқанда қазақ былғары қолғап шеберлері жалпыкомандалық есепте топ жарды. Қоржында барлығы 13 медаль – 6 алтын, 2 күміс, 5 қола бар.

Чемпиондар – Надежда Рябец (-80 кг), Дина Исламбекова (+80 кг), Оразбек Асылқұлов (-60 кг), Сабыржан Аққалықов (-75 кг), Нұрбек Оралбай (-85 кг), Айбек Оралбай (+90 кг);

Күміс жүлдегерлер – Бақыт Сейдіш (-70 кг), Төрехан Сабырхан (-70 кг);

Қола жүлдегерлер: Айгерім Сәттібаева (-48 кг), Валентина Хальзова (-75 кг), Махмұд Сабырхан (-55 кг), Ертуған Зейнуллинов (-65 кг), Сағындық Тоғамбай (-90 кг);

Жалпыкомандалық есепте 2-орын Үндістан боксшыларында (5 алтын, 3 күміс, 8 қола) Үздік үштікті Өзбекстан командасы түйіндеді (3 алтын, 4 күміс, 4 қола). Биыл барлығы 14 мемлекеттің боксшысы жүлде алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1198285?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді