Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталатынын хабарлайды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталатынын хабарлайды. Жеңімпаздарға 3 айға дейінгі мерзімде жобаны жүзеге асыру үшін 1 000 000 теңгеге дейін қаржыландыру, сондай-ақ ұйымдастырушылар тарапынан әдістемелік қолдау көрсетіледі.

Гранттар келесі бағыттар бойынша беріледі:

• волонтерлік бастамаларды дамыту (төтенше жағдайлар, экология, медицина, мәдениет, әлеуметтік бағыт, жануарларды қорғау) – 60 грант;

• инклюзивті қоғамды дамыту – 18 грант;

• ауылдық жерлерді дамытуға арналған бастамалар – 18 грант.

Өтінімдер 2026 жылғы 13 сәуірден 30 сәуірге дейін қабылданады.

Байқауға келесі үміткерлер қатыса алады:

• тіркелген үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ);

• волонтерлік жобалар бойынша бастамашыл топтар;

• волонтерлік жобалар бойынша 18 жастан асқан жеке тұлғалар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1198331?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді