
Қоғамдық кеңес отырысында әлеуметтік көмек қағидаларына өзгерістер енгізу қаралды.
Жәнібек ауданында әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері талқыланып, қолданыстағы қағидаларға өзгерістер енгізу ұсынылды. Атап айтқанда, «Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 26 қазандағы №11-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселе күн тәртібіне шығарылды.
Аталған мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы баяндама жасады. Хабарлама мәтіні қосымшада ұсынылды.
Талқылау барысында қоғамдық кеңес мүшелері әлеуметтік қолдауға қатысты бірқатар сұрақтар қойды. Соның ішінде тыл ардагерлеріне көрсетілетін көмек көлемі сөз болды. Бөлім басшысының мәліметінше, аудан бойынша 31 тыл ардагері тіркелген. 9 мамыр – Жеңіс күніне орай оларға 50 мың теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік төлем беру жоспарланып отыр.
Жиын барысында әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру, мұқтаж азаматтарды қолдау шараларын күшейту мәселелері кеңінен талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhanibek-maslihat/press/news/details/1198069?lang=kk

Жауап қалдыру