ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара барысында вице-министр Әділет органдарының қызметінің тиімділігін арттыруға, процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге және азаматтарға құқықтық қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған жобалар туралы айтты.
Оның ішінде жасанды интеллект технологиялары, смарт-ассистентті енгізу, атқарушылық өндірісті цифрландыру, цифрлық нотариат, Е-Заңнама, атқарушылық жазбаны цифрландыру, АХАТ жүйесін жаңғырту, E-Заң көмегі – цифрлық құқықтық көмек, «Ашық НҚА» порталы үшін ЖИ-агент әзірленді.
Бекболат Молдабеков негізгі цифрлық бастамалар барлық салаларды — нормашығарудан бастап нотариат пен атқарушылық іс жүргізуге дейін — қамтитынын айтты.
Сонымен қатар вице-министр мемлекеттік қызметтерді eGov 3.0-ге көшіру аясында 2026 жылы eGov 3.0 жаңа нұсқасында іске қосу жоспарланған сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер мен сервистердің тізбесі бекітілді. Жоспардағы 70 іс-шараның шамамен 35%-ын Әділет министрлігі жетекшілік ететін қызметтер құрайтынын атап өтті.
Сондай-ақ, пилоттық жоба аясында Заңды тұлғалардың МДБ «Салықтық әкімшілендірудің бірыңғай жүйесімен» интеграцияланатынына тоқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1198601?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді