“Құқық кабинетінің” жұмысы туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Құқық кабинеті” – әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.
ҚР Әділет органдары өз қызметіне сәйкес құқықтық насихатты ұйымдастыруды, заңдарға түсіндірме беруді үйлестіру жөніндегі әрекеттерді жүзеге асырады. Осыған орай, ҚР Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №899 бұйрығымен “2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары” бекітілді.

Жоспардың мақсаты: құқықтық ақпаратқа қол жеткізу, ауылдық жерлерде “құқық кабинетін” ашу болып табылады.

Ақшоқы ауылдық округі әкімдігі ғимаратында құқықтық кабинет жұмыс жасайды. Аталған кабинетте өзіне-өзі қызмет көрсету (Egov) бұрышы қойылып, азаматтар e-Otinish, “Ашық НҚА” және басқа да электрондық мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен сервистерге қол жеткізуге қамтамасыз ету мақсатында компьютермен жабдықталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1198245?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді