
Сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихаты кезектен тыс қырықыншы сессиясының 2026 жылғы 10 сәуірдегі
№ 40/252-VIІІ шешімі
Курчатов қалалық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы
№ 28/214-VI «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10, 19 – баптарына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Курчатов қалалық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 28/214-VI «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
№ 8 округтік сайлау комиссиясының мүшесі «AMANAT» партиясы» ҚБ-дан Мусатаева Айжан Мухаметкалиевна өз еркімен өтініш беруіне байланысты міндетінен босатылсын.
- Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктер № 8 округтік сайлау комиссиясының құрамына шығып қалған мүшенің орнына кандидат бойынша ұсынысты 2026 жылдың 27 сәуіріне дейін енгізсін.
- Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қалалық мәслихатының
төрағасы Г. Хусайнова
ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10, 19 – баптарына сәйкес Абай облысы Курчатов қаласының мәслихаты мүшелерді сайлау туралы хабарлайды:
|
Сайлау комиссиясының атауы және нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
|
Курчатов қаласының № 8 округтік сайлау комиссиясы
|
Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 11 Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «Күншуақ» балабақшасы» МКҚК ғимараты |
Сайлау комиссиясының мүшелері тиісті комиссия орналасқан әкімшілік аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.
Саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктерден сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша келіп түскен ұсыныстарды Курчатов қалалық мәслихаты 2026 жылдың 13 сәуірінен бастап 27 сәуіріне дейін қабылдайды.
Материалдарды жинауға жауапты тұлға: Сакаев Ерболат Толеубекович, тел. 8 (72251) 3 40 66, факс 8 (72251) 3 31 80.
Пошта индексі 180010, Абай облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4, Курчатов қалалық мәслихаты, электронды пошта maslihatkur@mail.ru
Курчатов қалалық мәслихатының төрағасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchatovmaslihat/press/news/details/1198120?lang=kk

Жауап қалдыру