
Су ресурстары және ирригация министрлігі Тасөткел су қоймасынан Шу өзені арқылы Түркістан облысы, Созақ ауданына экологиялық мақсатта су жіберіп жатыр. Бүгінгі күнге дейін ауданға 950 млн текше метр су жетті.
Бұл су экожүйені сақтауға өте маңызды. Ол құм мен тұзды шаңның көтерілуіне жол бермейді, сондай-ақ мал шаруашылығына қажетті жем-шөп қорын арттыруға көмектеседі. Аталған аумақ «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының теңгерімінде.
Бұған дейін су жіберудің тиімділігін арттыру және шығынды азайту үшін министр Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасымен ұзындығы 120 шақырым, ені 30–40 метр болатын Фурманов айналма каналы алғаш рет соңғы 40 жылда механикалық тазалаудан өтті. Жұмыстар былтыр шілдеде басталып, желтоқсан айының соңында аяқталды.
Осы жұмыстар басталған кезде облыс әкімінің тапсырмасымен Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы жұмысшы топ құрды. Аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер, ауыл және кент әкімдері түгел жұмылдырылып, канал тазалау жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылды. Кәсіпкерлердің демеушілігімен 218 тонна дизель отыны жеткізілді.
«Тұрғындар бұл суды көптен күткен. Ауданымыз үшін, әсіресе мал шаруашылығына, бұл өте қажет. Сонымен қатар, су келмесе, өзен табанынан тұз көтеріліп, экологияға зиян келтіреді», – деді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1198536?lang=kk

Жауап қалдыру