СҚО-да полицейлер ұрлық қылмыстарының айтарлықтай азайғанын хабарлады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Петропавлда «Ұрлыққа жол жоқ: мүлкіңді қорға!» акциясы аясында прокурорлар, полицейлер және еріктілер күш біріктірді.

Cапқа тұрғызу барысында жеке құрамға халықпен профилактикалық жұмыс жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді. Одан кейін акцияға қатысушылар алдын ала белгіленген бағыттар бойынша халық көп шоғырланатын орындарға шығып, тұрғындарға жадынамалар таратып, практикалық кеңестер берді.

Негізгі назар жеке мүлікті қорғауға аударылды: велосипедтер, ұялы телефондар және басқа да бағалы заттар. Негізгі кеңестер қарапайым: мүлікті қараусыз қалдырмау; сенімді құлыптау және қорғаныс құралдарын пайдалану; қоғамдық орындарда мұқият болу.

Жүйелі профилактикалық жұмыс нәтижесін беруде: үш айда облыста 116 ұрлық тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңінде 161 ұрлық жасалған болатын. Ұялы телефон ұрлығы 18%-ға төмендеді. Қылмыстың осы түрі бойынша ашылу көрсеткіші 92%-ды құрады.

Мұндай іс-шаралар азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және құқықтық сананы арттыру мақсатында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткізіледі. Құқық бұзушылықтардың алдын алу — полиция мен қоғамның ортақ міндеті: тұрғындардың қырағылығы артқан сайын қала да қауіпсіз бола түседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1198866?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді