Талдықорғанда «Астана – Талдықорған» жаңа теміржол бағыты іске қосылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

[19:59, 10.04.2026] Даулет Самбетбаев МИИР: 2026 жылғы 10 сәуірде Талдықорған қаласында «Астана – Талдықорған» жаңа жолаушылар теміржол бағытының іске қосылуы өтті.

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Елдос Нестай, Жетісу облысы әкімдігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы және сала өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Елдос Нестай жаңа бағыттың іске қосылуы өңірдің көлік қолжетімділігін арттыруға, өңіраралық байланысты дамытуға және жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

Жаңа бағыт елорда мен Талдықорған қаласы арасындағы тұрақты қатынасты қамтамасыз етіп, халық үшін қосымша қолайлылықтар жасап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.

Пойыз құрамында отандық өндірісте шығарылған жаңа жолаушылар вагондары қарастырылған. Бұл – вагон паркін жаңарту және ұлттық машина жасау саласын қолдау бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

Пойыз күнара қатынайды, жол жүру уақыты шамамен 28 сағатты құрайды. Бір бағыттағы сыйымдылығы – 88 жолаушы.
Халық тарапынан сұраныс артқан жағдайда, пойыз құрамындағы вагондар санын ұлғайту мәселесі қарастырылатын болады.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен бірлесіп, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және маршруттар желісін кеңейту бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1198876?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді