«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»:САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ЖАСТАР БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш ауданындағы «Ана мен бала» аллеясында қоршаған ортаны абаттандыру, аудан аумағын көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.
Тазалық шарасына қатысушылар қатарында Сарыағаш аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Нұрсұлтан Отаров, «СұңқарМед» клиникасының бас дәрігері Дәулет Тайрахунов, сондай-ақ «Жайдарман» одағының президенті, Қазақстан КВН одағының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі тележүргізуші Есен Елеукен болды. Олар ауданның белсенді ерікті жастарымен бірге тал егу жұмыстарын жүзеге асырды.
Аға буын мен жастардың бірлескен еңбегі аллеяның көркейе түсуіне ғана емес, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға да айтарлықтай үлес қосты. Егілген әрбір көшет – туған жерге деген жанашырлық пен табиғатқа қамқорлықтың, болашақ ұрпаққа қалатын баға жетпес аманаттың символы.
Бұл бастама тек айналаны көріктендірумен шектелмей, өскелең ұрпаққа табиғатты аялау мен туған жерге жанашырлықты дәріптеудің жарқын үлгісін көрсетті. Аудан орталығын көгалдандыру, санитарлық тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1197859?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді