Тазалық бақылауда: ШҚО ПД «Таза Қазақстан» акциясы аясында шараларды күшейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тазалық бақылауда: ШҚО ПД «Таза Қазақстан» акциясы аясында шараларды күшейтуде

Шығыс Қазақстан облысының полициясы өңірде тәртіп орнату бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастыруда. Негізгі мақсат — тек заң бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сонымен қатар қоғамда қоршаған ортаны ластаудың кез келген түріне «мүлдем төзбеушілік» мәдениетін қалыптастыру.

Қазіргі уақытта көшелер мен аула аумақтарының тазалығын қоқыс алаңдары мен қауіпті аймақтарға бағытталған 135 бейнебақылау камерасы қадағалап тұр. Олардың көмегімен биылдың өзінде 1000-нан астам заң бұзушылық тіркелді. Техникалық құралдар кез келген ластау фактілерін — белгіленбеген жерге тасталған пакеттерден бастап, құрылыс қалдықтарын үйіп тастауға дейінгі әрекеттерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Өңірде тәртіпті сақтау үшін күнделікті режимде 16 мобильді топ жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда 8 000-нан астам рейдтік іс-шара өткізілді:
Абаттандыру саласында 22 000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, анықталған 344 стихиялық қоқыс үйіндісінің 308-і жойылды.
2026 жылдың басынан бері облыс полицейлері қоғамдық орындарды ластаудың 2 530 фактісінің жолын кесті.

Айта кететін жайт, абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін тек азаматтар ғана емес, лауазымды тұлғалар да жауапқа тартылады. Заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың мекенжайына аумақтардың қоқысқа толуына ықпал ететін себептерді тез арада жою туралы 353 ұйғарым берілді.

Шығыс Қазақстан облысын Полиция департаменті тұрғындарды тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1198749?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді