Төрехан Сабырхан – ересектер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы финалдары өтіп жатыр.

Әлем чемпионы Төрехан Сабырхан (-70 кг) өзінің ересектер санатындағы алғашқы Азия чемпионатының финалында тәжірибелі Зеяд Ишаишпен (Иордания) жолығып, қарсыласына жол берді.

Еске сала кетейік, 20 жастағы Төрехан бәсеке барысында ширек финалда Шамшер Саидовты (Тәжікстан), кейін Ван Пейченды (Қытай) қапы қалдырды.
Атап өтерлігі, жазғы Азия ойындары мен әлем чемпионатының қола жүлдегері Ишаиш 2024 жылы өз елінде өткен Азия чемпионатының финалында отандасымыз Асланбек Шымбергеновпен жұдырықтасып, жеңілген.

Алда әлі Ұлттық құраманың 3 өкілі шаршы алаңға шығады. Бағана -60 кг салмақта бақ сынайтын Оразбек Асылқұлов алтын медаль олжалады. Бұдан бөлек, ерлер командасы сапындағы Махмұд Сабырхан (-55 кг), Ертуған Зейнуллинов (-65 кг) пен Сағындық Тоғамбайда (-90 кг) қола медаль бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1198193?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді