ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯДА ХҚТУ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІ 80 ТҮП АҒАШ ЕКТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔸Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көгалдандыру шарасы өтті.
Іс-шара барысында университеттің ботаникалық бағына Самарқанд өрігінің 80 түп көшеті егілді. Игі бастамаға Жаратылыстану ғылымдары факультеті мен Биология кафедрасының оқытушы-профессор құрамы, 100-ден астам студенті, сондай-ақ Экология ғылыми-зерттеу институтының мамандары атсалысты.
🔸Аталған акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастардың табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттыру. Қатысушылар халқымыздың «Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын негізге алып, табиғатты аялауға өз үлестерін қосты. Осылайша жасыл бастама жалғасын тауып, ұйымдастырушылар экологиялық эстафетаны Өнер, медиа және дизайн факультетіне жолдады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1198810?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді