
Ырғыз ауданындағы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде бала денсаулығы үшін екпе алудың маңызын түсіндіруге арналған арнайы кездесу болып өтті.
Кездесуге қатысқан Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаменті басшысының орынбасары И. Аяганова мен дәрігер-онколог Ж. Жұмабаева адам денсаулығын қорғауда арнайы вакциналардың рөліне жан-жақты тоқталып, оқушылар мен ата-аналардың көптеген сұрақтарына толымды жауап берді.
Кездесу барысында мамандар адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы екпе туралы толық мағлұмат беріп, жатыр мойыны обырының алдын алудағы тиімді құрал екенін атап өтті. Сонымен қатар, ата-аналардың вакцинацияға сенімін арттыру, балалар мен жасөспірімдерді жұқпалы аурулардан қорғауда екпенің маңызы секілді тақырыптар қозғалып, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің шешу жолдары талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1198399?lang=kk

Жауап қалдыру