
Игілік ауылдық округіне қарасты “Нұрхат” шаруа қожалығының төрағасы Нұрманов Бауыржан ауыл шаруашылығы жұмыстарын тиімді жүргізу мақсатында заманауи техникалар қатарын толықтыруда. Осы бағытта шаруашылық “Беларус 892.2″ тракторын лизинг арқылы сатып алды. Бұл техника жоғары өнімділігімен, жанармай үнемділігімен және әртүрлі ауыл шаруашылығы жұмыстарын орындауға бейімділігімен ерекшеленеді.
Жаңа трактор егіс алқаптарын өңдеу, тұқым себу, жер жырту және басқа да агротехникалық жұмыстарды сапалы әрі уақытылы атқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, лизингтік бағдарлама арқылы алынған техника шаруашылықтың қаржылық жүктемесін жеңілдетіп, өндіріс көлемін ұлғайтуға жол ашады.
Нұрманов Бауыржанның айтуынша, алдағы уақытта шаруашылық техникалық базаны одан әрі нығайтып, өнімділікті арттыруды жоспарлап отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-igilik/press/news/details/1197900?lang=kk

Жауап қалдыру