
Полиция Петропавл қаласындағы Қазақстан Конституциясы көшесінде қоғамдық тәртіпті бұзған белгісіз жас жігіт туралы әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа жедел ден қойды.
Тексеру барысында криминалдық полиция қызметкерлері оның жеке басын және орналасқан жерін анықтады. Ол Қызылжар ауданының 20 жастағы тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, кешкі уақытта ол орталық жаяу жүргіншілер көшесінде велосипедпен жүріп, бір қызға қатысты заңға қайшы әрекет жасап, оның тыныштығын бұзып, қорқыныш тудырған.
Аталған азаматпен полицейлер профилактикалық әңгіме жүргізіп, айналадағы адамдарға құрметсіздік білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырды.
Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының 6 сәуірдегі шешімімен оған әкімшілік айыппұл салынды.
Полиция департаменті құқық бұзушылықтарға жедел әрекет ету үшін «102» нөміріне, «102» мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ Halyk, Kaspi және eGov Mobile қосымшаларындағы «Заң мен тәртіп» сервисі арқылы оқиғаның орны, уақыты және мән-жайын көрсете отырып хабарласуға болатынын еске салады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1198859?lang=kk

Жауап қалдыру