
Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі А.Н. Тлешев нотариустармен және адвокаттармен бірлесіп ҚАЖ №61 мекемесінде (Қарағанды қаласының тергеу изоляторы) азаматтарды қабылдады.
Іс-шара “ТМД-дағы адам денсаулығы және құқықтары апталығы” мемлекетаралық акциясы шеңберінде өтті және ұлттық заңнамаға және халықаралық келісімдерге сәйкес адамның негізгі бостандықтарын қорғау мақсатында құқықтық ақпарат алу тәсілдерін түсіндіруге бағытталған.
Қабылдау барысында азаматтар мүліктік сипаттағы, рақымшылық және құжаттарды ресімдеу мәселелерін қоса алғанда, бірқатар өзекті мәселелермен жүгінді. Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама нормаларына түсініктеме берілді, сондай-ақ практикалық құқықтық көмек көрсетілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуға және қоғам мен мемлекет арасындағы сындарлы диалогты дамытуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1199013?lang=kk

Жауап қалдыру